8-7162-77-00-78

suarnasi@mail.ru

Көкшетау қаласы, Уәлиханов көшесі, 175А.

Өңірлік кадр резервіне алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  2. құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
  3. жоғары білімінің болуы;
  4. үш жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. индустрия және өнеркәсіп;
  2. экономика және қаржы;
  3. әлеуметтік сала;
  4. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
  5. агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
  6. цифрландыру.

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) https://onir.pkrezerv.gov.kz/ онлайн-платформасында кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен құпия сөзі арқылы дербес жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады. Құжаттар aqmola@onir.pkrezerv.gov.kz электрондық почтаcы арқылы немесе Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87, 3 қабат мекенжайы бойынша қабылданады.

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде ұсынған кандидаттар да онлайн-платформада тіркеліп, құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жүктеуі тиіс. 

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді онлайн-платформадан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсынан https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан https://www.instagram.com/elgeqyzmet.aqmola/) және 8 (7162) 51 81 32, 51 81 17 телефондары арқылы алуға болады.

 

22.02.2024
Қараулар: 110